Блог им. zhadraaubakirova Ана махаббаты

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсін, — дейді атам қазақ. Осы сөздің мағынасын балалы болып, өзім ана атанғанда түсіндім.

Кәусәр 2014 жылдың 12 қаңтарында Көкшетау қаласында дүниеге келді. Мен Кәусәрға үш күндей үйрене алмадым. Бірақ, қазір ол менің бар әлемім! Аспандағы жұлдызым!





Кішкентайынан өте елгезек, ақылды. Оның өмірде өз орынын алғанын қалаймын!


Жұмысқа Кәусәр 1 жасқа толғанда шықтым. Кішкентайынан аса қиындық тудырмай өсті, енді Алла жасса маған қол қанат болатын жағдайға жетіп қалды.



Кәусәр папам — король, мамам- королева, ал, мен принцесса деп өз тілінде айтады.



Менің кішкентай Кәусәр есімді алтын қызым маған өмірдің барлық рахатын сезіндірді. Ол менің өмірімнің мәніне, сәніне айналды. Құлыншағымның маған деген махаббаты пәк, таза! Ал, мен ол үшін дүниенің кереметін махаббат пен жылулық, тәрбие мен өмірдің барлық жақсылығын сыйлауға дайынмын.

0 комментариев

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.