Блог им. zhadraaubakirova Бір дәптердің құпиясы

Бүгінгі күн айтарлықтай еш өзгеріссіз өтті. Мен үйдің төменгі қабатындағы дүкенге барып, таңғы асқа нан мен сүт алып қайта көтерілдім. Бір түсініксіз ойға шомып шай іштім де, сыртқа шығып кеттім. Жүрегім алып ұшып барады, бұның барлығы не жақсылыққа, не жамандыққа балайтындығын білмедім.





Кенет, біреу артымнан Ақнәзік деп үн қатты. Мен селк ете қалдым, кең көшеде, бөгде адамдар ішінде сені кім шақырып тұрғандығын білмей әуре боласың. Кімге қажет болдым екен? Кім менің тыныштығымды бұзды екен. Бірақ, өзім танитын бірде-бір адамды көзге іле алмай тұрмын. Сосын сұңғақ бойлы, аққұба жігіттің маған жақындап келе жатқандығын байқадым. Дегенмен мен оны ешбір жерде көрген емеспін.
Ол жаныма келді де: «Сіз мені танымайсыз, ол түсінікті, бірақ, мен сізді осыдан тура екі жыл бұрын теміржол вокзалында көргем», — деді бейтаныс жігіт. Санамда – сансыз сұрақтар, мардымсыз жауаптар. Олар не дейді? Мені? Кім? Қашан? Мүмкін емес? Осылай өзімнің ішкі дүниеммен арпалысып тұрғанымда, біреу үстімнен бір шелек суық су құйып жібергендей есімді жинадым. Ол мені түртіп, қал-жағдайымды сұрап жатыр екен. Аузымды ашуға да үлгермедім ол: «Мен сен жайлы көп білемін, сенің қазір не ойлап тұрғандығыңнан да хабардармын», — деді жымиып. Оның күлкісі әлемдегі ең сұлу сияқты болып көрінді маған. Мүмкін ол алаяқ шығар, немесе қыздардың жүрегің, дүниесін ұрлайтын ұятсыз шығар, басымда сан сұрақ, мың күдік. Мен одан қорқайын дедім, бірақ жүрек түбінде ол маған туысымдай көрінді.
Бірде ол: «Есіңізде ме, ұлу жылының шілдесінде мен байқамай асығып жүріп, сізді аялдамада соғып кеткен едім ғой, ал біраз уақыттан кейін вокзал ішінен сіздің қойын дәптеріңізді тауып алдым. Артынан сізді көп іздедім, таба алмадым. Дәптерді қайтарып берейін дегем, ұятта болса айтайын ішіндегісін оқып шықтым. Сіздің алдыңызда айыптымын, ішкі сырыңыз бен сыртқы келбетіңізді салыстырып, өмірде тап сіздей тамаша аруды іздеп жүргендеймін. Менің есім ауды сізге, сіз мені өзіңізге ғашық еттіңіз. Көкшенің әсемдігі дәл сіздің бойыңызға жинақталғандай әсер етті маған. Арманым орындалғандай тебіреністі әсерге бөленіп тұрмын. Осы қойын дәптер махаббатымыздың бастауы болсын», — деді. Мен айтар сөзге сөз таппай, орнымда қатып қалдым.

2 комментария

avatar
Менің прозалық шығармаларымды оқи отырыңыздар.
avatar
жалғасын күтеміз
Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.