Блог им. zhadraaubakirova Егіндікөлге сапар!

Күз! Күз! Күз! Бұл жыл мезгілдерінің ең керемет, табиғаттың сары реңге боялып, күн көзінің бізбен ойнап, бірде шәйдай ашылып, не жасырынып, кейде тіпті нөсерлетіп, желмен аспанға көтеріп алуға шақ қалғандай сәт тудыратын, алдын-ала болжай алмайтын мезгіл.



Осындай күздің бір ызғарлы күндерінің бірінде Егіндікөл ауданына жол түсті. Жолдың ұзақ болғандығын егіндікөлдіктердің жайма-шуақ көңілі басып кеткендей болды. Аудан өзінің қалыпты тұрмысымен өмір сүруде. Біздің міндет күзгі науқанның қаншалықты жүргізіліп жатқандығын көру болатын. Өмірімде алғаш рет қырман басына баруға жол түсті. Кең дала сары көйлек киіп алған, сұлу қызға ұқсайды. Барлығы жанталасып бидайды уақытылы жинап алуға күш-жігерлерін жұмсауда. Соңғы технологиялармен отырғызылған бидайды жауын-шашынға қалдырмай жинап алу басты міндет. Ал, олардың техникасын көрсеңіздер ғой? Заман талабына сай, жаңартылған.
Алғаш болып жолымыз «Саят» ШҚ түсті. Оны Уразалинов Олег Балтабайұлы басқарып отыр. Шаруашылықта 30-ға жуық адам жұмыс жсайды. Орташа еңбек ақылары 80 мың теңге. Артынан Спиридоновка ауылында орналасқан «Армавирский» ЖШС болдық. Оның директоры Бисимбаев Нуржан Минжасарұлы. 2011 жылдан бері осы шаруашылықты басқарып, жұмысты бір жүйеге қойған. Егіннен бөлек, мал шаруашылығымен айналысады. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп, уақытылы жалақыларын төлеуде. Қарамағында тұрақты түрде 60 адам жұмыспен қамтылған, науқан кезінде 110 адамға дейін жетеді екен. Сонымен қатар, Искаков Бахтияр Ысқақұлы басқаратын Ұзын көл ауылында орналасқан «Ушаково-Агра» ЖШС жол түсті. Бахтияр аға бұл ауылға 1999 жылы келіп, құлдырауға шақ қалған ауылды қолға алып, жұмысты бір жүйеге қойған. Ауыл тұрғындарының сенімін ақтап, бүгінде оларды жұмыспен қамтып отыр. Ауылда бос үй жоқ екен. Жұмысқа келіп жатқан жас мамандар үшін ауыл ішінен үй тұрғызылуда. Бұл іс алдағы уақытта өз жалғасын табады.
Егіндікөл бізді жақсы шыраймен қарсы. Барлық қырман басында жұмыс жасап жатқан азаматтарға биыл көп астық жинауға тілектеспіз.

0 комментариев

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.