Блог им. zhadraaubakirova Сіз балаңызға қаншалықты көңіл аударасыз?

Әлеуметтік мәселеге айналмасын…

Бала – адам өмірінің мәні. Баласыз өмірдің мәні жоқ. Қазақта «Балалы үй базар – баласыз үй қу мазар» деп бекер айтылмаса керек. Баласы жоқ адамдар өмір бойы Алладан сұрап, артынша балалы болып жатады. Ал, кейбіреулері жақын туыстарының, не балалар үйінен бала асырап, «Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» өсіруде.




Дегенмен, ел арасында өзінің кіндігінен тараған балаларды бөліп – жару оқиғаларына куә болдым. Баланы түр-келбетіне, істеген іс-әрекетіне, бойына дарыған талантына қарай бөлу дұрыс емес. Баланың ана жатырына біткен уақытынан бастап, оны Алладан тілеп сұраған, ата-ана үшін орыны ерекше екендігін, отбасының толық мүшесі екендігін сезіндіру керек. Егерде адам жаман ойлап, баланы тумай жатып, шетке ысырып тастаса онда келешекте бала өмірдегі өз орнын жоғалтып алуы мүмкін. Адам болған соң басымыздан бірталай қиындықтар өтеді. Осы қиындықтардың кесірінен баланың өміріне балта шабу дұрыс па?
Мысалы: айналдырған екі баланы бір-бірінен бөліп жарып, ең әдемі, ең тәтті, ең қажет нәрселерді тек біреуіне беру дұрыс па? Екінші баланың ішкі жан-дүниесін, ойы мен сезімін сезінбеу, отбасыдан алшақтатып, тірі жетімдей етіп күйге түсіру, психологиялық тұрғыдан әлсіретудің қажеттілігі бар ма? Ол балаға ешкім көңіл аудармаса, онымен отырып сырласпаса, мұң-мұқтажын сұрамаса, бала өз ішінен тұңып, арты емделмейтін жүйке ауруыңа шалдығуы мүмкін. Немесе, баланың бір кем дүниесін бетіне басу? Бұл жәйтте біздің қоғамда көп орын алуда. «Сен борсықсың?», «Сен ақмақсың?», «Сен әдемі емессің?» деген осындай көптеген сөздермен баланы мүжгілеу. Осындай жағдайларды көзбен көріп, құлақпен естігендіктен, шын мәнінде жанын ашиды.
Жастарына жетпей психологиялық ауруларға ұшырап, өз-өздеріне қол жұмсап жатқан балалар қоғамымызда көп. Оның себептері қайдан шығады? Осы сұрақтарға тек ата-аналар өздері жауап бере алады. Осы айтылған сөздерді мүмкін Сіз өз балаңызға айтатын шығарсыз? Сәл кідіріп ойланыңыз! Бала тағдыры ата-ана қолында! Ал, сіз балаңызға қаншалықты көңіл аударасыз? Осы мәселе әлеуметтік мәселеге айналып кетпесін!

1 комментарий

avatar
Ой қосып отырыңыздар достар!
Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.