Блог им. zhadraaubakirova Туған жерім киелім

«Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» — деп бекер айтылмаса керек. Адамзат баласы еш уақытта өз Отанынан ажырамауы қажет. Ата-бабамыздың қаны мен тері, дара жолы қалған осындай ыстық мекенді ешкімде қимайтындығы анық. Елбасыда өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында туған жерге аса зор көңіл аударып, әркім өзінің алтын қазығын ұмытпаса екен дейді.

сурет интернет желісінен алынды
Менің ата-бабамның рухы жатқан, әкемнің кіндік қаны тамған жер – Зеренді ауданына қарасты Ортағаш ауылы. Бұл жермен байланысты көптеген аңыздар бар, бала кезімізде әулет үлкендері осы жерден Асан қайғы өткенде, жан-жағы ну орманмен қоршалған, осындай табиғатына көз жетпейтін әсем жерге Ортағаш деген атау беріп кеткен дегенді естейтінмін. Бұл жерлерге жиі бармағаныммен, ол жер маған өте ыстық. Әр қашан жүрегімде.
Атам Иманғали Итжанұлы Ұлы Отан соғысының ардагері, жеңісті Берлинде қарсы алды. Жыл сайын осындай керемет Жеңіс күні қарсаңында атамызды құттықтау үшін барлық әулет жиналып, үлкен шаңырақта бас қосатынбыз. Үлкендердің жақсы бата-тілектерін, әңгіме-өсиеттерін тыңдайтынбыз. Ұрпақтар сабақтастығы деген осы болар. Қазір атамыз бен әжеміздің басына барып, құран бағыштап, еске аламыз.
Кейде балаша топырағына аунап, құштарлана қара жерді сүйіп алғын-ақ келеді. Дегенмен, өмір әр адамға өз жолын, өз сынағын береді екен. Осы қиындықтарды жеңе білген, төзе білген адам ғана шың басына шыға алады. Ал, адамға демеу болар не нәрсе? Әлбетте, туған-туыстың қолдауы, туған жердің құдыреті. Туған жер – бұл балғын балалық шағын өткен жер ме? Әлде ата-баба рухы сені күтіп жататын жер ме? Адам қанша жерден өзінің кіндік тамған жерін ұмытып, бір себептермен сол жерге деген реніші болса да. Жүрек шіркін өз кезегінде осы жаман оттың лапылдап жанбауына, үміт деген дүниенің, сағыныш деген серіктің бар екендігін айқындап тұратыны хақ. Сондықтанда туған жерге деген сағыныш еш уақытта өшпейтіндігі айдан-анық!
Уақыт зымырап, өмірге деген көз-қарасымыз өзгереді. Барлық алынбас асулар артта қалып, біздер жаңа белестерді бағындыруға тырысамыз. Бірақ, туған жерге деген махаббат еш уақытта өшпейді!!!

1 комментарий

avatar
Алдағы уақытта әлі жақсы дүниелер! Менің өлеңдерім болады! Күтіңіздер!
Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.