Блог им. Ayazhok01 Өмір үшін ең қолайлы мекен...

менің ауылымның спутниктегі көрінісі...

|||||
Сілтеме арқылы өтсеңіз, ауылымды дәл төбесін көру мүмкіндігіне ие боласыз



Біздің ауылда тумаған тұлғалар


Біздің ауыл басқа ауылдардан ерекшелігі көп. Мысалы, кезінде «Жұлдыз» ауыруымен ауырмаймын дейтін бір замандасым Мона Лиза картинасының авторы Леонардо да Винчиге қатты еліктейтін еді. Тіпті оны Астана мен Көкшетаудың арасындай ұлан-ғайыр атырапты алып жатқан жердің қақ ортасында тұрған Елтай деген ауылда (ауылымның атауы солай) тұрады деп қиялдап жүретін. Өкінішке орай ол арманы жүзеге аспады. Себебі, Леонардо ағай Елтайда туған танымал тұлға емес, ал замандасым оның шәкірті болмаған. %)

Ауыл халқы өте жайдары. Демографиясы жақсы көтеріліп келеді. Мүмкін сол ұсақтардың ішінен танымалдар шығып қалар деп үміттенеміз. Алайда, үміттенгенімізге біраз уақыт болды. Туған жер туралы жазарда ауылымнан шыққан бір ерекше тұлғамен мақтанып қалсам ба дегем. Нәтижесін көріп отырсыздар ))) Ешкім туралы жазбадым, бірақ бүкіл ел білмесе де, ауыл халқы өте жақсы танитын «танымалдар» бар. Кім екендерін іштеріңіз сезген болар ))))) Жайдары демекші, біз ауылдың ауа райын үлкендердің қабағына, түрінің жағымды не қаталдығына қарай білеміз десем де болады. Мысалы, қыс келсе Дәркембай атаның түрі есімізге түседі. Ол кісінің қас қабағына қарап қыстың не жайлы не өте жайсыз болатынын топшылай береміз. Соныдқтан ауыл халқы барынша ол кісінің қабағын бағады. Тіпті қойды олай бақпайтын шығар :J Сондықтан да біз үшін танымал тұлға ол- Дәркембай ата.
Ауылдың орналасу географиясы мен климаты, шаруашылығы мен экономикалық жағдайы, халқының тұрмыс-тіршілігі өте үлкен тақырып. Қысқасы, АҚШтағы НАСА ғарыш агенттігінің біздің ауылды сонаау ғарыштан түсіріп жіберген суретіне қарасақ, ауыл бір үлкееен тәрелке пішіндес жерде орналасқан екен. Бала кездегі аңыз бойынша су басу, Жарлы көлдің тасуы, жанартаудың атқылауы секілді қауіптер бізден айналып өтеді-мыс.


Бұрын осы сөзге тілімді сындырып жүретін едім.

Біздің ауылға келуге 5 себеп:

1. Қонақжайлылық.Иә,қазақтардың бәрі қонақжай. Бірақ біздің ауылдың халқы ерекше. Ғайыптан бір қонақ келе қалса жібергісі келмейді. Асты-үстіңе түсіп күткенде қандай жұмыспен келгеніңді, қашан кететініңді де ұмыта бастайсың. Мақтағаным емес, рас. Еттің де түр-түрі келеді. Бергісі тауық етінен бастап, арғысы жылқы етіне дейін. Енді түйе ұстамайды біздің халық )))))

2. Табиғаты. Ауылдың орналасқан жерін жоғарыда көрсеттім. Табиғатқа шығу, көлге шомылу, гүл теру, табиғаттағы ерекше әдеміліктерін көргіңіз келсе не романтикалық дүние жасағыңыз келсе ойланбастан біздің ауылға келсеңіз болады. Алатын әсеріңіздің керемет болатынына өзімнің емес Бәйтеректің басындағы шардың үлкендігіндей көлемде кепіл бола аламын.


3. Жеміс-жидек, көкеністері. Жаздың маусымынан бастап ауылдың үлкен-кіші, кәрі-құртаңы әтештен бұрын оянып, бар ыдыс-аяғын арқалап жидек теруге аттанады. Жаздағы ауыл халқының ермегі осы. Бүлдірген, шие(жылас), малина, шырғанақ тағысын тағысы бар, күзге таман ранетка, алмұрт жинап әкеп, тосап пен компоттың көкесін жасайды. Жап-жасыл алмұртты қараңғыға қойып тастап, шетінен жұмсарғандарын ұрлап бір жеп, тығылып бір жеп, кіріп-шығып жеп бітіреді. Керемет емес пе? Менің балалығым осылай өткен. Бақшадағы сәбіз, қияр, қызанақтар тағы бар. Оларды жинау да еңбек. :j Ееех, ностальжи))))


4. Ауыл кешінің көңілді болуы. Жастар жүрген жердің бәрі той ғой. Мейлі, 93 жылғы тепсе қаңылтыр сындыратын Жұмаш айына бірнеше рет туылса да — той. Кез келген нәрсені тойға айналдырып алады. ЖоҚ дегенде дөңгеленіп отыра қалып гитарамен ән айтып, от жағады. Не ауылға жаңадан біреу келсе сол үйдің баласы отырыс жасауы-парыз. Әрине соңы боевикке ұласып, қыздар үшін мелодрамма не трагедиямен аяқталады.
5. Дүкендер мен әкімшілік. Екеуінің не қатысы бар дейсіз ғой? Ауылда не көп, дүкен көп. Киім-кешек, азық-түлік бәрі бар. Бағасы біреулер үшін бензиннің бағасындай болса, біреулер үшін 25 теңге )))) Шет елдегідей шоппинг жасамасаңыз да, керекті дүниелердің барлығын табуға болады. Әрине, дүкен мен әкімшіліктен басқа да ғимараттар бар. Мысалы, 3 мектеп, соның біреуі соғыс кезінде аурухана, ал, жер асты үйі- морг болған. Ол да біз оқып жүргенде талай прикол болды. Аурухана, өзбектерді әкеп капитальный ремонт жасалса да әлі күнге істемей тұрған мәдениет үйі, жаңадан салынып жатқан элеватор, вокзал т.б. бар.


Бұлардың бәрі ауылымды сағынуға, келіп тұруымызға себепшілердің бірегейі. :j

Неліктен мен өз ауылыммен мақтанамын?

Астана тұтас Еуразия материгінің тең ортасы әрі кіндігі деп есептелсе, біздің ауыл- Астана мен Көкшетаудың тең ортасында ортасында орналасқан. Жол үсті болғандықтан келіп-кету қиындық туғызбайды. Тек жеңіл көлікпен келерде жаңбырлы күнді таңдамаған дұрыс :J Сонаау, б.з.д 19 ғасырдың орта тұсында (менің естуім бойынша 189… жылдар)алғаш келіп қоныстанған орыс халық болса керек. Ол кезде біздің иісіміз де болмағаны белгілі ғой. Қазақтар да бірең-сараң болған екен. Сол кездегі ауылдың старшинасы Никольское есімді көпес болса керек. Сол себепті ауылдың бұрынғы атауы — Никольское. Поездға билет аларда-Ельтай, құжат тапсырарда Никольское деп айтамыз :J Тәуелсіздік алғалы Елтай болып өзгертілді. Кейін ары-бері халық көшіп-қонып жүргенде, жері кең, шөбі шүйгін, табиғаты да керемет жерді Асан қайғы Жерұйықты іздеп, таба алмаған болса, көшпенді халық тауып алған. Сол себепті мен ауылыммен ауызымды толтырып тұрып айтып, мақтана аламын!:m



Туған жердің әр шаң-тозаңына дейін сағынатындардыың бірі ретінде блогымдағы ауылымды күле отырып жылап еске алғым келді. Балалық шағыңның ең қымбат әрі керемет кездері өткен топырағын қалай сағынбауға болады екен?! %)

Суреттер yvision.kz сайтындағы ауылдасым Талғат есімді баладан алынды %)

0 комментариев

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.