Блог им. zhadraaubakirova Рухани жаңғыру: жарқын болашақ кепілі

Бүгінде елімізде Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы кеңінен талқыланып жатқандығын бәрі біледі. Қаншама құнды дүниелер мен жобалар іске асырылып, өз жемісін беруде.

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы "Рухани жаңғыру" залы

Менің жүргізетін блогым мәдениет пен бала тәрбиесіне арналғандықтан, осы тақырып аясында сөз қозғағым келеді. Елбасымыз бізге бекерден-бекер осындай тура жол көрсетіп жатқандығы жоқ, себебі, өскелең ұрпақ адаспай қоғамда өз орнын тапса екен дейді. Яғни, «рухани жаңғыру» отбасынан басталу керек деп білемін.

Жәнібек Кәусәр
Ең біріншіден, жанұядағы ата-әже, әке-ана жан-жақты, рухани бай адамдар болса, сол ортада өсіп келе жатқан балада рухани жағынан бай-қуатты болары анық. Ал, өз кезегінде осы бала ел болашағы емес пе? Туған тілге, жерге, мәдениет пен өнерге, әдебиет пен тарихқа деген махаббатты осы бастан бойыңа сіңіру арқылы, өз ұлтына деген мақтанышқа үйретеміз. Бұл мақалалық бағдарламаның түп-тереңінде өз тамырынды ұмытпа деген сөз жатыр. Сол себепті бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамайық ағайын!

1 комментарий

avatar
Осы тақырыпта түскен суреттерінмен бөлісіңдер достар!!!
Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.