Блог им. abylai Жаңа жылда жаңа өмір

Жаңа жыл қарсаңында Целиноград ауданы Шнет кентінің тұрғындары күтіп отырған 45 пәтерлі тұрғын үйдің кілті табыс етілді, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ұзақ жылдар бойы көктемгі су тасқыны қаупі төніп тұрған Шнет ауылының тұрғындарын қоныстандыру туралы шешім 2009 жылдың 2 маусымында Астана қаласы әкімінің қатысуымен өткен кеңесте қабылданған болатын. Онда Астана әкімінің орынбасарына Шнет және Ағанас ауылдарының 70 отбасын қоныстандыру мәселесі ұсынылып, өткен жылы Ағанас ауылының тұрғындары Қосшы ауылында жаңа 45 пәтерлі үйге көшірілді.
Жыл сайын еріген сулар Шнет кентіне жақындап келеді, осыған байланысты 2016 жылы ауыл тұрғындары үшін 45 пәтерлі тұрғын үй салу үшін жоба белгіленді.
2016 жылдың мамыр айында облыс әкіміне осы үйдің құрылысына 50 млн теңге беру туралы өтініш жіберіліп, сол жылы 375 млн теңге сомасына «Интегра Строй Монтаж» ЖШС-мен келісім-шарт жасалды.
Ал Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Целиноград ауданының әкімі 45 пәтерлік тұрғын үйді пайдалануға беру салтанатты рәсіміне қатысып, жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етті. Бұл жолы мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан бір-екі және үш бөлмелі пәтерлердің иелері су тасқынынан зардап шеккен Шнет ауылының тұрғындары болды.
Кілттерді алған ауыл тұрғындары жақын арада үйге көшуді жоспарлап отыр. Кейбіреулері өздерінің жаңа көршілеріне дастархан жаюда, сондай-ақ билік өкілдеріне жаңа жылдағы сыйлық үшін алғыстарын білдіруде.

0 комментариев

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.