Блог им. zhadraaubakirova Ардагер – Уәли ата

Менің бала есімде – бұл адамның бейнесі жақсы сақталған. Біз көп қабатты үйде тұрғанда, осы ата жиі келіп тұратын. Бірақ, кішкентай болғандықтан осы кісінің бізге қалай туыс болатындығын білмейтінмін. Қарт адам болса да, өте сымбатты, басына киген қызыл тақиясы өзіне сондай жарасатын. Кезінде талай қызға арман болған сері болғанға ұқсайды. Бұл кісі – менің атам Иманғали Итжанұлының туған інісі Уәли Итжанұлы еді. Оны тек қана бастауышты бітіріп, сәл ес кіргенде түсіндім.

Біздің әулеттің жігіттері, яғни Итжанұлы Әубәкір, Серғали, Иманғали және Уәли Ұлы Отан соғысына қатысып, елімізді фашист басқыншыларынан қорғаған азаматтар. Барлығыда майдангерлер. Осы кісілер туралы келер ұрпақ білсе екен деймін.
Уәли Итжанұлы 1926 жылдың 8 мамыр күні Зеренді ауданы, Ортағаш ауылында дүниеге келген. Он сегіз жасар бозбала 1944 жылдың 23 қарашасында әскер қатарына шақырылып, артынан 1945 жылдың сәуірінде майданға жіберіледі. 438 атқыштар полкінде – мерген болады. 1946 жылдың 30 қарашасында денсаулығына байланысты әскери қызметтен босатылып, Ұлы Жеңіске өз үлесін қосып, аман-есен елге оралады. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің қырық жылдығы», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің елу жылдығы» мерейтойлық медальдары, «ІІ-дәрежелі ҰОС» ордені, «Кеңес Одағының маршалы Г.К. Жуков», «КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығы құрметіне «1941-1945 ж.ж. соғыс ардагері» белгісі табысталған. Міне, осындай батыр да, батыл болған. Өткен уақыт, қазіргі тарих, болашаққа апарар жол. Аталарымызды ұмытпайық!!!

0 комментариев

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.