Блог им. Ayazhok01 Хеллоооу достар немесе қысқа-нұсқа алғашқы блог

О, Бғоже, қайда келдім? )))
(Бұл жерде екі қолын бетіне апарып, көзі бақырайып, аузы ашылып, ощм, таң қалған картинка тұр деп есептеңіз)

Адам дүниеге келе сала… деп алғашқы жазбада пәлсапа соғып кеткен дей ме ))) Жо, жоқ, Карл! Ресмилендірілмей-ақ еркін стайлға не жетсін, иә?

Алдарыңызға потбол десе қолындағы тәрелкесін үстелге қоятын, бірақ, Көкшенің Оқжетпесінің ойынын бірде бір рет көрмеген "Ұлы дала потболфаны", оған қоса Дзюдоны сұмдық жақсы көретін "Ұлы дала Дзюдофаны" келіп отыр, халқым) Біреу білсе екеу білмейтін шығар, Испанияның Мадридіне, оның ішінде жұрт сияқты Криштиану Роналдуға емес Марселоның ойынына ғашық қызбен таныс болыңыздар -_- деп өзінше болкеткен дима :v

Мұнда қалай келдім?
Негізі ұзақ әңгіме. Жазба ұзақ болған сайын дәмі тамақ жасай алмайтындардың тағамындай дәмсіз болып кетуі мүмкін. Қысқа-нұсқа. Қазір соны талап етеді ғой. Тарс-тұрс айттың, салдың, кеттің. Фсье ))))

Есімім Аяжан. Сөз жүзінде Мамамның мамасының құдасының тегіндемін. Құжат жүзінде әкесінің қызымын ғой, ощм.

Көкшеден колледж бітіріп кеткеніме бақандай екінші жылға кетіп барады. Сооол. Дипломды ала сала біреулеер ййееххууу деп күйеуге бағдарламасымен кетсе, біз ақырын ғана фррр етіп ұшып фук етіп ауылға келе қалдық та жұмысқа орналаса салдық. Құстар ұшуын тоқтатпайды, біз болсақ қонған соң ұша алмай қалдық )))) Сөйтееп, психолог болып ауылдың балаларымен қап кеттік)

Қысқасы осы. Басымыз бос айтқандай.

Еліме ппәленшеее деп еңбек етіп, 100 есімге кірмесек те, өзіміз үшін тырмысып еңбек етіп келеміз. Барлығы «Жұрттың баласының» арқасында ))))

Жә, көп созбайын. Қысқасы осы. Алдағы уақытта қызықты жазбалармен бөлісеміз деп ойлаймын. Неғұрлым позитив көбірек болса, соғұрлым жақсы. Бұны Минздрав емес психолог ескертед десең ))))

Жол көрестіп, кіретін шығатын есікті көрсетіп тұрсаңыздар болды ))))

Келесі кездескеншеее *_*
"Қош келдің", «УУУУ» деген пікірлер күтем :v :v :v

0 комментариев

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.