Блог им. zhadraaubakirova Асыл әжелер

Әжелерімізді еске ала отырайық

Бұл өмірде әжесіз адам бар ма? Мен өзімді әлемдегі ең бақытты адам деп білемін, себебі, менің аяулы әжем бар.





Мен кішкентайымнан әжемнің тәрбиесінде өстім. Барлық қазақи мінезді, Отанға, елге, ата-анаға, ата-баба рухына, тіліне, мәдениетіне деген махаббатты бойыма сіңіріп өсірді. Осы үшін, өмірде адаспай орын таба алғаным үшін әжеме мың алғыс!

Суретте әжем Зүлпиза және менің қызым Кәусәр! Ұрпақтар сабақтастығы деген осы шығар. Маған орасан күш-жігерін жұмсаған адал жанның жанынан әркез табылуға тырысамын. Әжелерді ардақ тұтайық! Ал, Сіз өз әжеңіз туралы не жазасыз?

1 комментарий

avatar
Әжелеріміз туралы ой қалдырамыз достар.
Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.