Блог им. Bella Блог бастаушыға 5 кеңес

Мелака қаласындағы стрит арт. Әдемі сурет пе ;)

Блогтың ерекшелігі мұнда компания, қауым не халық емес, АДАМ атынан жазбалар жазылады. Жеке тұлғаның басынан кешкені, ойлаған ойы, сезімі жалпылама ақпараттан әлдеқайда қызық.

Ендеше, бірінші кеңес — тұлғалық келбетіңізді жоғалтпаңыз. Сіздің жеке ойыңыз жалпылама фактілерден әлдеқайда қызықтырақ. Егер әдебиет оқығым келсе, білім көкжиегімді арттырғым келсе, мен әрине, дәл қазір көркем немесе танымдық әдебиетті оқып отырар едім. Блогыңызға келдім бе, бетпердеңізді ашыңыз.

Екінші кеңес — сауат. Интеллекті төмен, сауатсыз адаммен сөйлескіңіз келеме? Мен — жоқ. Сондықтан сауатты жазыңыз. Өз ойыңызды қызықты әрі түсінікті және қатесіз жеткізіңіз.

Үшінші кеңес — кері байланыс. Постыңыз біреуге ұнауы, біреуге ұнамауы мүмкін. Кез келген комментке әдеппен жауап беріңіз. Ашық болыңыз.

Төртінші кеңес — көрнекілік. Постыңыздың қызықты болуы ғана емес, сырт көзге тартымды болуы да шарт. Шрифт, тақырыптарға бөлу, сонымен қатар әдемі сурет сіздің постыңызды өтімдірек етеді.

Бесінші кеңес — өз постыңызды өзіңіз жарнамалаңыз. Сіз мазмұны қызық, тілі шұрайлы, ойы уникал керемет контент жаздыңыз. Оны әзірге блог админі мен сіз ғана білесіз. Әлемге жар салыңыз, өз постыңыздың СММін өзіңіз жасаңыз. Контент жазу аздық етеді, оны әлеуметтік желілерде ұсына білу қажет. Қалай дейсіз бе? Хм, оны келесі постымда айтамын ;)

3 комментария

avatar
құнды кеңестер
avatar
Керемет мағлұмат
avatar
Бізге қажет ақпарат екен!
Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.