Блоггинг Ақтық мәре! ІІІ-ші айналым!

Ақтық мәреміз блиц түрде өткізіледі!



Біріншіден, админдер кеңесінің шешімімен, қолданылған материал үшін — @Erlan_Musipov пен @Abylaikhan-жинақсыз ойларына байланысты, марафонның келесі айналымына өтпегенін айта кетіп, соңғы айналымға жолдама алған келесі қатысушыларымыздың тізімін жариялаймыз:
Аубакирова Жадра
Абылай Исин
Аяжан Мұқатай
Аскар Анарбек.

Екіншіден, ақтық мәре блиц, яғни шектелген уақыт мерзім, түрінде өткізіледі. Әрбір интернет қолданушысы күн сайынғы ақпарат ағымында нешетүрлі контентке тап болатыны баршаға аян. Осы цейтнотта құнды оймен әшекейленген блог-жазба, оқырмандарды небір ойларға шомылтып, көптен толғандырған мәселелерге байланысты көзқарас қалыптастыра алады. Білгіштердің айтуынша, блог жазған кезде көп дайындалғаннангөрі, лезде, уақытылы, не болмаса «хайп» кезінде, шектелген уақыт мерзімде блогта пост жазып, жұрттың қаһарына емес назарына, одан кейінгі базарына іліну, кәсіби шеберліктің бірден-бір белгісі.
Олай болса, финал қатысушыларына, 02.12.2017 сағ. 23.00-ден 03.12.2017 сағ.23.00-ге дейін блог жазба қалдырулары шарт.

Үшіншіден, ақтық мәре тақырыбының атауын, қоғамдағы қызу талқыланып жатқан трендтердің қайсысына сабақтастырайық деп ойлай, ақылдасып — «Рухани жағңыру», деп шештік. Осы посттың сілтемесі барша қатысушыларға бір уақытта жекеге жіберілді. Уақытына дейін еш жазба жарияламаған қатысушы автоматты түрде марафоннан шығарылады. Бас адмүфти атамыз айтпақшы — Қатыссаңыз, байланыста болыңыз айналайындар! ;)
Олай болса, let mortal combat begin! 8-)

1 комментарий

avatar
бегин болса бегин :)
Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.