Спорт Әр спортшының бақыты ол - Олимпиада!

Жақында ғана Үндістанның Гувахати қаласында жастар арасында бокстан Әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа 38 елден 186 боксшы қыздар қатысты. Осынша қыздардың ішінен суырылып, еліміздің, соның ішінде Ақмола облысының намысын қорғаған шынашақтай ғана Жансая, шын мәнінде өте қайсар, мінезі тік, бастаған ісін соңына дейін жеткізбей қоймайтын спортшы екенін мына кең жазира маңдайымдағы екі көзіммен көріп қайттым) Расында солай)Осы жолдан таймаймын деп кесіп айтты. Тіпті басқа спорт түріне ауысатын да, кәсіпқой боксқа да кететін ойы жоқ. Ары қарай сұхбаттан оқып көріңіздер. Спойлерлетіп жібердім әйтпесе )))

Аяжан және Жансая



Әңгіменің басын қысқаша танысудан бастадық.

Отбасымда 4 баламыз. Мен үшіншісімін. Төртеуі де қыз. Үлкен әпкем бірге тұрады. Екіншісі тұрмыста. Менен кейінгі сіңілім мектепте оқиды. Мен Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Дене мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша курс студентімін. Жасым 18-де. Бокспен айналыс қаныма 5 жыл болды. 13 жасымнан бастадым. Ата-анам қарсы болған жоқ. Боксты таңдағаным маған ең бірінші жаттықтырушым әсер етті. Бірінші күні келгенде ол мені жақсы қабылдады. Және бәрін түсінікті түсіндірді. Адамға көңіл аудара біледі және адамдармен жақсы араласады. Сол үшін ұнады деп ойлаймын бірінші келгенде. Ең үлкен себеп сол кісі болды.

Боксты бастағанына небәрі 5 жыл уақыт болса да жеткен жетістіктері енді көп. Бастағанына 3 ай болмастан алғашқы жарысында 1 орынды иеленген екен. «Ол кездегі қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын. Шынымды айтсам күткен жоқ болатынмын. Себебі, енді бастап жатқан кезім болатын» деп ағынан жарылды. Көздері балбұл жайнап, кұліп қояды өзі. :*
Дайындық)

Ең басты қарсыластары туралы сұрадым. Сол кезде «Иә, қарсыластар болады. Елде мысалы Қазақстан чемпионатында онда біз финалды кіммен шығасың, сол сенің басты қарсыласың болып есептеледі. Мен бірақ онда бірінші орын алдым ҚР чемпионатында. Осы 2017жылы. Басты қарсыласым Қостанайдың қызы болды» деді.

Жасы небәрі 18-де болса да өзін жан-жақты дайындап жүреді екен. Бұған оның жаттықтырушысы Олжас ағайдың еңбегі зор деп отыр. Сөзіме дәлел болсын: «Менде жақсы ол жағы. Менің бапкерім бірге барған ол Сұлтанбеков Олжас, ол кісі психологиялық жағынан жақсы дайындай алады. Әр жекпе-жектің алдында өзі дайындайды. Соның арқасында деп ойлаймын. Психологиялық жағынан ешқандай қиындықтар болған жоқ»-деді сабырмен.

Жансаяның сөзінше әр елде боксқа дайындау тәсілдер әртүрлі көрінеді. «Техникалық жағына көп мән беремін. Біздің Қазақстанның өзінің стилі бар. (стиль бокса) Әр мемлекетте әр түрлі. Қазақстанда техникаға көп мән береді. Қай жерінде болмасын техникаға назар аударады. Физикалық жағынан адам жылдамырақ болмайды, ақырындап қалады. Техникалық жағында жылдамдық, ойлау жақсы қалыптасады. Өзім солай ойлаймын. Бепкерім де сөйтіп үйретеді техникалық жағынан көбінесе.

Мектепте қандай оқушы болды екен?

»Мектепте 8 сыныптан бастадым боксты. Оған дейін мен тып-тыныш қыз болатынмын"-деп күлді))). Бірақ сабақ оқу жағым сол күйінде қалды. Боксты бастағаннан бұрын да кейін де 4 пен 5-ке оқып бітірдім. Колледждегі оқуым да жақсы"-деп мектеп кезін бір еске алдық.
Дегенмен, мінезді талап ететін спорт не дегенмен адамды өзгертеді екен. Себебі одан Өміріңде қатты әсер еткен 3 жағдайды айтып берші? — дегенімде бірден «Бокс көп әсер етті, ауылдан қалаға көшіп келуім және осы жолғы Әлем чемпионаты» — деп түйді.

Медаль!

Айтуынша осы жолғы Әлем чемпионаты үлкен мотвация болса керек. «Осы жолы жеңіліп қалдым, келесі жолы міндетті түрде жеңемін деген мотивация болды»- дейді.%) оған қоса осы чемпионаттан алған әсері де керемет.«Осы жолғы чемпионат менің алғашқы чемпионатым болды. Әлем чемпионатына бірінші рет қатыстым. Қиын болды. Жаңа нәрселер көрдім. Қалай өтетінін бәрін. Ештеңе де оғай болмайды бұл өмірде. 4 жекпе-жек өткіздім. Үшеуін жеңіп, біреуінен ұтылып қалдым.



Неткен мықты қыз. Оның бұлай рухы мықты болуына ата-анасының қолдауы көмектеседі. Олай дейтінім, „Болашақ спортшыларға айтар ақыл-кеңесің бар ма?“ деп сұрағанымда, Ол: Негізінде ең алғашқы айтарым, ата-анасы қарсы болмауы керек. Қарсы болса, қанша жерден бала дайындалғысы келсе, ата-анасы қарсы болса одан ештеңе шықпайды. Өйткені, саған ең жақын адамдарың сенбесе қиын. Оларға айтарым, егер боксты таңдаса, соңына дейін апарып, соңына дейін жасауы керек. Қандай қиыншылық болмасын төзе білу. Оның бәрі өтеді.

Қиыншылық демекші, кез келген адам кейде қиналғанда бәрінен тастап, безіп кеткісі келеді ғой. Әсіресе шығармашылық адамда творчестволық кризис болса, немесе спортшы маңызды жарыстарда өзін көрсете алмай жүрсе міндетті түрде бір стресске түседі. Әсіресе жастар жағында көп кездеседі. Сондықтан да Жансаядан осы жағын да сұрауды ұмытпадым. Алайда чемпион »Қатты қиналған кездерім болды, бірақ боксты тастаймын деген ойлар менде болған жоқ" деген жауабымен мені «оймен» нокаундқа жіберді %)

Жеңіс!

Стереотип ерте ме кеш пе бұзылады. Ол үшін еңбек керек. Қазір көп жұрт "Қыздарға бокс не керек?" деген пікірден айнымаған. Алайда, Жансаяның да ойын білгім келіп, «любопытная варвара» кейпіне ендім де «Қыздарға бокс не үшін керек?» деген қатып қалған стереотипке қалай қарайсың? деп сұрадым.
Негізінде керек емес. Бірақ, егер ол қыздарға ұнаса, барғысы келсе болады айналысуға. Тек оны сыртқа қолданбау керек. Жәй ғана жаттығу кезінде қолданып, сыртқа шыққанда өз қалпыңа түсесің. дееееп күлімдеп қойды.

Бірақ кәсіпқой боксқа ауысуға қарсы. Оның ойынша «Болашақта жоқ, олай ауысқым келмейді.(күлді). Өйткені, біз қазір шлем киеміз. Ал онда кигізбейді. Қыз балаға жараспайды деп ойлаймын. Себебі, қабағын жару, мұрын сыну секілді травмалар көп болады. Ол қыз балаға жараспайтын сияқты» деген ойымен мен де еріксіз келістім.

Қысқасы, болашақта есімін алты құрлықтың ар жағынан еститін, өзінің еңбекқорлығымен әлі талай шыңдарды бағындыратын қыз. Жұдырықтай жүрегі де елім деп езіліп тұр. Блог соңын Жансаяның әдемі тілегімен аяқтайық.
Көк тудің желбірегені

Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Елге тілерім: тыныштық болсын, Отанды сүйе білу керек, қадірлей білу керек. Барға Тәубе деп айтамын. Рахмет!



Біз де Жансаяны жастардан Әйелдер арасына ауысуымен құттықтап, Қаңтар айында Сербияда өтетін Халықаралық турнирде жеңіс тілейміз! Жолың ашық болсын, чемпион қыз!

0 комментариев

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.