avatar
Рейтинг
+0.04
Сила
0.10

Mergen Toqsanbai

Информация

О себе

Мерген Көшербайұлы Тоқсанбай 1988 жылы 14 қарашада бұрынғы Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Казгородок (ескіше атауы Жанғұс-Тоқсанбай) ауылында дүниеге келген.
1995-2006 жылдары Казгородок орта мектебінде оқыған.
2006-2011 жылдары Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде, «Көкше» академиясында филология факультетінде білім алған.
2008 жылы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Ш. Ыбыраевтың Алғыс хатымен «Шоқан жұлдызы» төсбелгісімен марапатталған.
2010 жылы Облыстық «Әлемге әйгілі Астана» атты мүшайрасының І орын иегері.
2010 жылы Ерейментау қаласында Үмбетей жыраудың ескерткішінің ашылу салтанатына орай «Ереймен жыр сайысына шақырады» атты аймақтық ақындар мүшайрасында ІІІ орын иеленген.
2010 жылы Павлодар қаласында студенттер арасында өткен Иса Байзақовтың 110 жылдығына арналған «Найзадай сөздің сүйрігі, Найзағай жырдың жүйрігі» атты Республикалық мүшайрадан Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы атындағы арнаулы жүлдесін жеңіп алған.
2010 жылғы XIII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивальінің дипломанты.
2013 жылы Абылай ханның 300 жылдығына орай өткізілген «Ер ұраны Абылай» атты аймақтық жас ақында мүшайрасында бас жүлде және «Абылайдың орындалған арманы» атты облыстық ақындар мүшайрасында бас жүлдеге ие болған.
2013 жылы «ZHAS_AKMOLA» облыстық жастар сайысында «Жылдың жас дарыны» номинациясы мен Ақмола аблысы әкімінің сыйлығын алған.
2014 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасы ұйымдастырған «Жырлаймын туған елімді» атты республикалық ақындар телемүшәйрасының екінші орын иегері.
2015 жылы Талдықорған қаласында өткен республикалық «Жыр қағаны – Жұматай» атты Жұматай Жақыпбаевтың 70 жылдығына арналған мүшәйраның үшінші орын иегері.
«Ассалаумағалейкүм», «Ностальгия», «Мен біреуді сағынамын...» атты кітаптардың авторы.
Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық «Арқа ажары» газеті мен Алматы қаласындағы республикалық «Жас Қазақ» ұлттық апталығында тілші, Астана қаласындағы «Фолиант» баспасында редактор болып қызмет атқарған. Қазір Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының бас редакторы, «Талант» жас ақындар клубының жетекшісі болып жұмыс істейді.

Личное

Пол: мужской
Дата рождения: 14 ноября 1988
Местоположение: Казахстан, Кокчетав

Контакты

Телефон: 8-701-312-39-34
E-mail: akyn_88@mail.ru

Активность

Состоит в: Блоггинг, Спорт, Кино, Музыка, Көкшетау
Зарегистрирован: 21 июля 2017, 10:52
Последний визит: 12 ноября 2017, 01:10

Друзья (1)