Блог им. Gangybas Мен Арқаның аязына төзген ұлмын!

2 фото
Білем, бəрі бітті осымен...
image
НҮКТЕ

«Керек емес маған ешкім!»
Сенің хатың.

Керек емес маған ешкім!
Өзім де сол… керексізбін.
Ертегіміз сәл көңілсіз
аяқталды демек біздің.

Суығын-ай қара кештің,
Салқынын-ай сөздеріңнің.
Түк етпейді! Мен Арқаның
аязына төзген ұлмын!

Қарағайға қарап өстім –
Өңін бермес қысы-жазы!
Тек жүрегім ауыр-ауыр
кей сөздерден ұшынады…

Тозып біткен таға емеспін!
Жұқарғанмен жүйкем аздап.
Мұз боп суып жек көреалман!
Себебі Мен сүйгем – маздап!
Бәрін ұқтым, бала емеспін!
Білем, бәрі бітті осымен.
Сен бастаған бұл өлеңнің,
Қоя салам нүктесін Мен!

#МергенТОҚСАНБАЙ
#Поэзия
#КөкшетауКерек емес маған ешкім...

Блог им. Gangybas Менің мөлдір махаббатым

2 фото
Жалғыздық бар – жауға бермес жолдасым, Жалықтырды ол да шын.
image
Жанымның мұңлы əуені.

Саған деген өлеңдер бар жазбаған…
Өкпем де бар аздаған…

Сезімдер бар – жанды жемей жай тұрмас,
Сөздерім бар – айтылмас!

Хаттарым бар – түн ішінде жолдамас,
Өкініш бар – ол да рас.

Жалғыздық бар – жауға бермес жолдасым,
Жалықтырды ол да шын.

Құмарлық бар – ерініңе шөлдеген,
Құштарлық бар – өлмеген.

Сағыныш бар – жүрегімді өртеген,
Оның өзі ерке өлең!

Мейірім бар – саған құшақ жайды рас,
Махаббат бар – айнымас!

Ұйқы бермес ауыр-ауыр ойлар бар,
Сенсіз өткен тойлар бар.

Қызғаныш бар – жанартаудай мызғыған,
Шарасызбыз біз бұған.

Естеліктер… олар да бар миымда…
Оны ұмыту қиын да!

Бәрі де бар. Тек сен жоқсың, жарығым.
Керегі не бәрінің?

#МергенТоқсанбай
#Поэзия
#Лирика
#Көкшетау

Біздің хəліміз осындай

Блог им. Gangybas Жар басына жалғыз біткен аршамын!

2 фото
Жалғыз арша
image
Жалғыз Арша

«Қарқаралы басында жалғыз арша...»

Біржан Сал.

Жар басына жалғыз біткен аршамын,
Жалғыздықпен жылжып өтті қанша күн?!
Жел жұлмалап жүрек – жапырақтарымды,
Тоз-тоз болдым… арса-арса, арсамын!

Бастан ауып кетті білем бал шағым?
Өлеңімде көңілсіздеу бар сарын.
Бір жанардың жан тебірентер жарқылын,
Неге екені қайта-қайта аңсадым?..

Тас төбемнен борап жатыр қарша мұң,
Тағдыры осы – жарға біткен аршаның!
Жаны жаздай жадыраған жан қайда?
Мен сол жайлы айта-айта шаршадым…

#МергенТоқсанай
#Поэзия
#Көкшетау

Көкшетау Демалысты қалай өткізесіз?

Мұражай және бала

Адамдар өз демалыстарын әр түрлі өткізеді. Бүгінгі пост музейлер туралы болмақ.


Кәусәр Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде


Читать дальше