Блог им. zhadraaubakirova Енді соғыс болмасын

Талай адам Отан үшін ерледі,
Азап болған соғыстағы көргені
Отан үшін от құшсада бүгінде
Есімдері ерлерімнің өлмеді.

Жеңіс!-деген жылы сөзге табынып,
Күткен соны талай адам сағынып.
Енді соғыс болмасын деп балалар,
Ағалардан сұранады балалар.


Менің атам, соғыс ардагері Иманғали Итжанұлы

Блог им. zhadraaubakirova Соңғы ардагер

Кең көшеде келеді бір қария,
Қарияға қарап көзім тоймайды.
Жарасады басына киген тақия,
Медальдары келеді күнмен таласа.

Сол атаға үніліп көп қарадым,
Көзі толы шексіз мұңлы – налаға.
Сонда неге, жаным, бірден білмедім
Соңғы ардагер кетіп барад қасымда.

Менің атам, соғыс ардагері Иманғали Итжанұлы

Блог им. zhadraaubakirova Ардагер – Уәли ата

Менің бала есімде – бұл адамның бейнесі жақсы сақталған. Біз көп қабатты үйде тұрғанда, осы ата жиі келіп тұратын. Бірақ, кішкентай болғандықтан осы кісінің бізге қалай туыс болатындығын білмейтінмін. Қарт адам болса да, өте сымбатты, басына киген қызыл тақиясы өзіне сондай жарасатын. Кезінде талай қызға арман болған сері болғанға ұқсайды. Бұл кісі – менің атам Иманғали Итжанұлының туған інісі Уәли Итжанұлы еді. Оны тек қана бастауышты бітіріп, сәл ес кіргенде түсіндім.

Читать дальше